LFA 225 турнирінде сирек кездесетін жағдай орын алды
АҚШ-тың Кентукки штатында өткен LFA 225 турнирінде жанкүйерлер сирек кездесетін 4 секундтық нокауттың куәсі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Орта салмақтағы Дэвид Райт пен Джейк Вудли арасындағы жекпе-жек небәрі бірнеше секундқа ғана созылды. Вудли кездесудің алғашқы сәтінде-ақ жойқын оң қолымен қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді.
Шешуші соққы шамамен екінші секундта дәл тисе, төреші жекпе-жекті төртінші секундта тоқтатты. Осылайша бұл кездесу аралас жекпе-жек тарихындағы ең жылдам нокауттардың бірінің қатарына енді.
Айта кетелік, мамандардың пікірінше, егер нокаут уақыты төрешінің тоқтатуынан емес, шешуші соққы тиген сәттен есептелсе, рекордтық көрсеткіш бұдан да жылдам болар еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или