Әлем кубогы: Бүгін рингке үш қазақ боксшысы шығады
Сәрсенбі, 17 маусымда Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогында Қазақстаннан үш спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов сағат 9:00-де басталатын таңғы сессияда рингке шығады.
Теміржанов 1/8 финалда 60 келі салмақ дәрежесінде америкалық Салим Эллис-Беймен кездеседі; бұл жекпе-жек сағат 9:45-те (В ринг) басталады. Жүсіпов 1/8 финалда 70 келі салмақ дәрежесінде сағат 11:00-де бразилиялық боксшы Кайан Рейске (В ринг) қарсы жұдырықтасады.
Сабыржан Аққалықов сағат 15:30-да басталатын кешкі сессияда өнер көрсетеді. 80 келі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда ол өзбекстандық Жавохир Умматалиевпен кездеседі. Жекпе-жек сағат 17:00-де (А ринг) басталады.
Қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтетін үш жекпе-жектің тікелей эфирі:
А рингі:
В рингі:
Мерей Ақшалов ҚБФ вице-президенті қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді құттықтады
Ресми: Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқ залына қосылды