Әли Ахмедов титулдық жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов жартылай ауыр салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
25 шілдеде Ахмедов Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетеді. Кештің басты жекпе-жегінде ол Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы Асемахле Веллеммен кездеседі.
Қазақстандық боксшы рингке WBA Asia чемпионы ретінде шықса, оның қарсыласы WBO Africa чемпионы саналады.
Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізіп, ганалық Делали Миледзині (30-3-1, 23 KO) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді. Ал Асемахле Веллем биыл мамыр айында шаршы алаңға шығып, Гананың тағы бір боксшысы Принс Око Нартині (13-5, 12 KO) нокаутпен ұтты.
Әлем кубогында қазақстандық боксшылар кіммен шығады?
Әлем кубогына қатысатын құрам белгілі болды