Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық сынында финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жапониялық Сюко Аояма мен Тайбэй теннисшісі Энь Шуо Лянмен кездесіп, оларды 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Енді финалдық кездесуде Анна Данилина мен Александра Крунич АҚШ теннисшісі Тэйлор Таунсенд пен чехиялық Катерина Синяковамен кездеседі.

Бублик әлемдік рейтингтің үздік ондығынан шығып қалады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или