Иван Дычко жеңіліс көрмеген британдықпен жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеуден өтті

Иван Дычко жеңіліс көрмеген британдықпен жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеуден өтті

Қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко Ұлыбританиядағы келесі жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

6 маусым күні қазақстандық боксшы Англияның Борнмут қаласында өтетін Zuffa Boxing 07 бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы - жеңіліп көрмеген британдық Харви Дайкс.

Салмақ өлшеу рәсімінде Иван Дычко 243 фунт көрсетті. Бұл шамамен 110,2 килограмға тең.

Ал оның қарсыласы Харви Дайкс әлдеқайда ауыр болып шықты - британдық боксшының салмағы 270 фунт немесе шамамен 122,5 килограмды құрады.


Қазақстандық боксшылардың WBC жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды

Қазақстандық боксшы WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или