Қазақстандық бес боксшы әлемдік рейтингте бірінші орында тұр
World Boxing ұйымы боксшылардың рейтингтегі жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ерлер арасындағы рейтингте Санжар Тәшкенбай 50 кг, Махмұд Сабырхан 55 кг, Төрехан Сабырхан 70 кг және Айбек Оралбай +90 кг, ал әйелдер арасында Наталья Богданова 70 келіде көш бастап тұр.
Ал ерлер арасында үздік үштік Оразбек Асылқұлов 60, Сабыржан Аққалықов 75 кг және Нұрбек Оралбай 80 көрінді.
Ал әйелдерде Назым Қызайбай 48 кг, Алуа Балқыбекова 51 кг, Аида Әбікеева 65 кг, Надежда Рябец 80кг және Дина Исламбекова +80 кг түйіндеп отыр.
Топ-10 қатарына Ертуған Зейнуллинов, Сұлтанбек Айбарұлы, Сағындық Тоғамбай, Әйгерім Сәттібаева, Виктория Графеева, Бақыт Сейдіш, Валентина Хальзова, Гүлсая Ержан және Елдана Тәліпова бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или