«Барыс» көшбасшысы клубтан кетуі мүмкін

«Барыс» көшбасшысы клубтан кетуі мүмкін

Белгілі шабуылшы Роман Старчено келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты "Барыстан" кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Шайба сайтына сілтеме жасай отырып.

Хоккейші мен клуб арасындағы келісімшарт мерзімі 31 мамырда аяқталды.

Өткен маусымда 40 жастағы шабуылшы «Барыс» сапында 9 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Ал «Номад» сапында ол 33 матч өткізіп, 31 (12+19) ұпай жинады.

Роман Старченко кәсіби мансабын 2003-2004 жылдары «Барыста» бастады. 2004-2008 жылдар аралығында ол «Казцинк-Торпедо» клубында өнер көрсетті. Хоккейші өзінің бүкіл мансабын Мәскеудегі «Спартактағы» бір маусымды қоспағанда, елордалық клубта өткізді. Барлығы ҚХЛ-да оның есебінде 871 матчта 424 (215+209) ұпай бар.

Айта кетейік, Роман Старченко Қазақстан құрамасының құрамында 18 әлем чемпионатына қатысты.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы қарсыластарын білді

Әлем чемпионатының жеңімпазы анықталды

«Барыс» бірнеше ойыншымен келісімшартты ұзартты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или