«Барыс» жаңа келісімшартқа қол қойды

«Барыс» жаңа келісімшартқа қол қойды

Астаналық «Барыс» клубы бірқатар қазақстандық хоккейшілермен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб Артём Королев, Кирилл Никитин және Кирилл Ляпуновпен келісімін бір маусымға (2027 жылдың 31 мамырына дейін) ұзартты. Ал Бейбарыс Оразовпен келісім екі маусымға, яғни 2028 жылға дейін жасалды. Барлық келісімшарттар екіжақты форматта рәсімделген.

Өткен маусымда бұл ойыншылар негізінен «Номад» сапында өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті. Сонымен қатар Никитин, Королёв, Оразов және Ляпунов ҚХЛ матчтарында да бой көрсетті.

Айта кетелік, мамыр айында аталған хоккейшілер Қазақстан ұлттық құрамасы сапында әлем чемпионатында дебют жасады.

Әлем чемпионатының жартылай финалдық жұптары анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или