Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық конференциясы өтті

Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық конференциясы өтті

Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясының жылдық конференциясы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты федерацияға сілтеме жасап.

ҚР Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиадалық комитеті, Қазақстан бокс федерациясы және өңірлік федерациялар қатысуымен жиында бірқатар маңызды мәселе талқыланды.

2025 жылы атқарылған жұмыс пен нәтиже бойынша ҚБФ бас хатшысы Мерей Ақшалов, төрешілер алқасының төрағасы Дінмұхамед Абайханұлы, ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев, бокстан U15 және U17 құрамаларының аға жаттықтырушылары баяндама жасады.

Жиынға төрағалық еткен Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті Роман Төреханов және президенті Шахмұрат Мүтәліп баяндамашыларды мұқият тыңдап, өзекті мәселелерге баса назар аудару керектігін және даму жоспарын ұстану маңыздылығын жеткізді.


Головкиннің бұрынғы қарсыласының келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или