«Салават Юлаев» клубы шабуылшысы Денис Янмен қош айтысты

«Салават Юлаев» клубы шабуылшысы Денис Янмен қош айтысты

«Салават Юлаев» клубы шабуылшысы Денис Янмен қош айтысып, хоккейші еркін агент мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы форвард соңғы екі маусымды уфалық команда құрамында өткізді. Өткен ҚХЛ маусымында ол 38 матчқа қатысып, 8 гол мен 4 нәтижелі пас беріп, жалпы 12 ұпай жинады.

Плей-офф кезеңінде Денис Ян төрт кездесуге қатысқанымен, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Қазіргі уақта хоккейшінің қай клубқа ауысатыны белгісіз. Алайда жанкүйерлер арасында оны ҚХЛ-дағы қазақстандық «Барыс» клубымен байланыстырып жатқан пікірлер пайда болды.

Айта кетелік, «Салават Юлаев» пен «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында өнер көрсетеді.

Әлем чемпионаты: Дания — Словакия матчының тікелей трансляциясы




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или