1XBET - ставки на спорт

Belgrade Winner: Қазақстандық боксшылар жеті медаль еншіледі

Belgrade Winner: Қазақстандық боксшылар жеті медаль еншіледі

Бокстан Қазақстанның жеті өкілі Белградта өткен Belgrade Winner халықаралық турнирін жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық құрамадан аталған жарысқа барлығы 12 боксшы аттанған болатын.

Үздік нәтижені 60 келіге дейінгі салмақта жарыс чемпионы атанған Нұрасыл Төлебек көрсетті.

Финалға Нұрбек Мұрсал мен Ибрагим Бетаев та жеткен еді, алайда шешуші жекпе-жектерде жол беріп, тиісінше 70 және 90 келіге дейінгі санаттарда күміс жүлде алды.

Тағы төрт қазақстандық турнирді қола медальдармен аяқтады. Олардың қатарында Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Нұрсұлтан Шілдебай (80 келіге дейін), Аян Қалмағанбетов (85 келіге дейін) және Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) бар.

Сербиядағы халықаралық турнир: Қазақстаннан үш боксшы ақтық сынға жолдама алды

Қазақстандық боксшылар U15 санатындағы Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или