1XBET - ставки на спорт

Қазақстаннан үш боксшы Сербиядағы жарыстың финалына шықты

Қазақстаннан үш боксшы Сербиядағы жарыстың финалына шықты

Сербияда Belgrade Winner халықаралық турнирінің финалистері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бокс федерациясы мәліметінше, Қазақстан құрамасынан үш боксшы ақтық сынға жолдама иеленді

60 келі. Нұрасыл Төлебек жартылай финалда Армения спортшысы Эрис Арстамяннан 4:1 есебімен басым түсті.

70 келі. Нұрбек Мурсал сербиялық қарсыласы жекпе-жектен бас тартуына байланысты, жартылай финалда жеңімпаз деп танылды.

90 келі. Ибрагим Бетаев қарсыласы Богдан Толмачов (Украна) жарақатына байланысты, жекпе-жексіз финалға өтті.

Төрт боксшымыз қола жүлдегер атанды7

50 келі. Нұрзат Оңғаров 1/2 финалда филиппиндік Кларк Вицераға жол берді.

80 келі. Нұрсұлтан Шілдебай Олимпиада чемпионы Александр Хижнякқа есе жіберді.

85 келі. Аян Қалмағанбетов украиналық Данило жасанға 2:3 есебімен жеңілді.

+90 келі. Аслан Елдібайұлы Түркия өкілі Берат Акарға жол берді. Финалдық жекпе-жектер 17 мамырға жоспарланған.

17 мамыр 21:00

60 келі. Нұрасыл Төлебек vs Луис Энрике Винсент (Куба)

70 келі. Нұрбек Мурсал vs Милош Роганович (Черногория)

90 келі. Ибрагим Бетаев vs Уильямс Нельсон (Куба)


Қазақстан құрамасының бапкері қателіктермен жұмыс жүргізуге уәде берді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или