Николай Веретенников UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін өткізді
Қазақстандық файтер Николай Веретенников (14-7) АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 276 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Веретенников америкалық Калин Уильямспен (15-5) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Николай бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді.
Бұл Калин Уильямстың кәсіби MMA мансабындағы он алтыншы жеңісі, ал Николай Веретенников сегізінші жеңілісіне ұшырады.
Веретенниковтың UFC-дегі рекорды 2-4.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или