OCTAGON турнирінде жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды

OCTAGON турнирінде жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды

Қазақстандық файтер Денис Талтыгин OCTAGON 1XBET SELECTION 62 турнирінде өзбекстандық Нодирбек Шавкатовпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Орталық Азияның OCTAGON лигасының селекциялық турнирі 1XBET серіктестігімен ұйымдастырылды. Жеңіл салмақтағы қазақстандық проспект октагонда Нодирбек Шавкатовқа қарсы шықты.

Жекпе-жек алғашқы секундтарда баяу басталғанымен, бірінші минуттың соңына қарай бастама толықтай өзбекстандық спортшының қолына өтті. Ол партердегі әрекеттерімен басымдық көрсетті.

Денис Талтыгин қарсыласының грэпплинг стиліне лайықты қарсылық көрсете алмады. Нәтижесінде Нодирбек Шавкатов техникалық нокаутпен жеңіске жетті.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или