Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды

Ташкентте өткен 15 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 24 медаль еншіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың финалдық кезеңінде 35 келі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Жақсылық Ермекұлы ирандық Аболфазл Пишевармен қолғап түйістірді. Кездесу қорытындысында ирандық спортшы жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

Аболфазл Пишевар марапаттау рәсіміне мектеп сөмкесімен шықты. Ол бұл әрекетін Ирандағы Минаб мектебінде қаза тапқан балаларды еске алу үшін жасағанын айтты.

Айта кетелік, бұл қадам жарыс барысында көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды.

Қазақстан құрамасының бапкері қателіктермен жұмыс жүргізуге уәде берді




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или