Қазақстан бапкері: «Қателіктер бар, енді соның бәрімен жұмыс істейміз»

Қазақстан бапкері: «Қателіктер бар, енді соның бәрімен жұмыс істейміз»

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Бағдат Оңғарбеков Азия чемпионатынан кейін команда қателіктерді түзету бағытында жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маманның айтуынша, Ташкентте өткен құрлық біріншілігінде қазақстандық команда орташа нәтиже көрсеткен. Құраманың 13 боксшысының төртеуі чемпион атанса, екеуі күміс, тағы екеуі қола жүлде иеленген.

«Қателіктер бар, енді соның бәрімен жұмыс істейміз. Кей спортшылар жақсы қырынан көрінді. Әсіресе капитан Сағым Сабыржан мен Алпамыс Әлібек өздерін өте жақсы көрсетті. Жалпы дайындық жоғары деңгейде өтті, бірақ көп жерде жеңісті қолдан шығарып алдық»  деді Бағдат Оңғарбеков.

Бапкер бастапқы мақсат алты алтын медаль алу болғанын айтты. Оның сөзінше, жарыстың Өзбекстанда өтуі де белгілі бір деңгейде әсер еткен.

«Қазақстанның мақсаты тек бірінші орын. Біз әрқашан көшбасшы болуға ұмтыламыз. Биыл Өзбекстан бес алтын алса, біз төрт алтынмен шектелдік. Келесі жылға өте тыңғылықты дайындалып, жалпы командалық есепте бірінші орын алуға тырысамыз» деді бапкер.

Айта кетелік, Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или