Жеңілмеген қазақ жауынгері OCTAGON 87 турнирінде чемпиондық айқас өткізеді
Өзбекстан астанасы Ташкентте 13 маусымға жоспарланған OCTAGON 87 турнирінің ко-мейн ивенті анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Орталық Азия жекпе-жек лигасының кезекті турнирінде жеңілісті білмейтін қазақстандық ауыр салмақтағы Айбек Ахметов (4-0) «Айдаһар» лақап атымен танымал «уақытша» чемпиондық белбеу иегері өзбекстандық Азамат Нуфтиллаевпен (13-2-1) титулдық жекпе-жек өткізеді.
Ахметов кәсіпқойда төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Нуфтиллаевқа келетін болсақ, ол 12 және 13 жеңістерін мерзімінен бұрын жеңіп алды.
Турнирдің басты шайқасында тәжік өкілі Фазлиддин «Карим» Мадрахимов (16-6-1) пен өзбек спортшысы Мухиддин Мамаджонов (9-1-1) кездеседі.
OCTAGON турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 87 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі