Хамзат Чимаев мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
Бүгін таңертең АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ньюарк қаласында UFC 328 турнирінің басты жекпе-жегі өтті. Шешенстан тумасы БАӘ файтері Хамзат Чимаев (15-0) америкалық Шон Стриклендпен (30-7) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чимаевтың UFC титулы бәске тігілді. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек бүкіл қашықтыққа созылып, төрешілер шешімімен Стриклендтің пайдасына аяқталды. Осылайша, Стрикленд өзінің мансабындағы 31-ші жеңісіне және белбеуге ие болды, ал Хамзат MMA-дағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Еске сала кетейік, Хамзат Чимаев өткен тамыз айында оңтүстік африкалық Дрикус Ду Плессиді (23-3) сенімді жеңіп, UFC чемпионы атанған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или