UFC 328: Чимаев пен Стрикленд салмақ өлшеуден сүрінбей өтті
Орта салмақтағы UFC чемпионы Хамзат Чимаев және UFC-дің бұрынғы чемпионы Шон Стрикленд алдағы жекпе-жек қарсаңында ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
UFC 328 аясындағы кездесу 9 мамырдан 10 мамырға қараған түні өтеді. Екі файтер де таразыда 83,91 келі көрсетіп, чемпиондық айқасқа дайын екенін дәлелдеді.
Чимаев кәсіби мансабында әлі жеңіліп көрмеген. Оның еншісінде 15 жеңіс бар, ондағы 12-сі мерзімінен бұрын аяқталған.
Айта кетелік, ал Стрикленд ММА-да 30 рет жеңіске жетіп, жеті мәрте жеңілген.
Ең танымал қазақстандыққа ММА-да мықты қарсылас табылды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или