Садақ атудан Әлем кубогы: Қазақстан қола жүлде үшін сынға түседі
Қазақстан құрамасы садақ атудан Шанхай қаласында (Қытай) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Әлемдік додада қола медаль үшін Виктория Лян мен Муса Ділмұхамет сынға түседі.
Қазақстандық спортшылар блоктық садақ атудан аралас командалар арасындағы жарыстың жартылай финалына дейін жетті. Алайда бұл кезеңде Түркия құрамасына 156:157 есебімен есе жіберді.
Енді 9 мамырда қола жүлде үшін өтетін матчта отандастарымыз Эстония құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, турнир барысында қазақстандық мергендер Сингапур, Оңтүстік Корея және Ұлыбритания командаларын жеңген болатын.
Болгариядағы Challenge Cup кезеңінің финалына үш қазақстандық гимнаст жолдама алды
Қазақстандық спортшы Алматыдағы әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды