Қазақстан әлем чемпионатында Украинаны жеңді

Қазақстан әлем чемпионатында Украинаны жеңді

Қазақстан әлем чемпионатында төртінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Талғат Жайлауовтың командасы Украинамен кездесті.

Үш кезең 4:4 есебімен аяқталып, буллит сериясында Қазақстан құрамасы басым түсті - 5:4.

Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Роман Старченко, Батырлан Мұратов Қазақстанның голдарын соқты. 

Осылайша, Қазақстан 11 ұпай жинап, турнирде бірінші орынды иеленіп, әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алды. Бұған дейін команда Литваны (4:1), Жапонияны (6:0) және Польшаны (3:2) жеңген болатын.

Соңғы турда Қазақстан Франциямен кездеседі. Бұл матчтың нәтижесі қандай болса да, Қазақстан бірінші орыннан түспейді. 



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или