Магнитогорск клубы келесі маусымда қазіргі бапкерлер құрамын сақтап қалады

Магнитогорск клубы келесі маусымда қазіргі бапкерлер құрамын сақтап қалады

Магнитогорскінің «Металлург» клубы келесі маусымда бапкерлер штабын толық құрамда сақтап қалуды шешті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Трансферы КХЛ/ХОККЕЙ» Telegram арнасының мәліметінше, клуб басшылығы қазіргі мамандар тобының жұмысына сенім білдіріп, таңдалған даму бағытын жалғастыруға шешім қабылдаған.

Осылайша, бапкерлер штабының негізгі мүшелері алдағы маусымда да командамен жұмысын жалғастырады.

Өткен тұрақты чемпионатта магнитогорск клубы 68 матчта 49 жеңіске жетіп, лигадағы ең үздік нәтижені көрсеткен болатын. Алайда Гагарин кубогының жартылай финалында «Металлург» «Ақ Барсқа» серияда 1:4 есебімен жол берді.

Еске салсақ, «Металлург» сапында қазақстандық хоккейшілер Никита Михайлис пен Валерий Орехов өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или