Чемпиондар лигасы: «ПСЖ» — «Бавария» матчы
Чемпиондар лигасының жартылай финалында ПСЖ өз алаңында «Бавария» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын 29 сәуірге қараған түні Париждегі «Парк де Пренс» стадионында өтеді.
Қос клубта плей-офф кезеңінде сенімді өнер көрсетіп келеді. «ПСЖ» жолында Монако, Челси және Ливерпуль секілді мықты қарсыластарды жеңіп өтті. Ал «Бавария» Аталанта мен Реал Мадрид клубтарын жарыстан шығарды.
«ПСЖ» өткен маусымда Чемпиондар лигасы 2024/25 финалы жеңімпазы атанған болатын. Бұл маусымда екі команда топтық кезеңде де кездесіп, ол ойында «Бавария» 2:1 есебімен жеңіске жеткен.
Айта кетелік, жартылай финалдағы жауапты матч жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или