Лоуренс Тейлор денсаулығында кінәрат бар

Лоуренс Тейлор денсаулығында кінәрат бар

Аңызға айналған америкалық футболшы Лоуренс Тейлор шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалағанымен, нақты диагноз бен ауруханадан шығу уақыты әзірге белгісіз, деп хабарлайды Prosports.kz.

67 жастағы екі дүркін Супербоул чемпионы асқазанындағы мәселелерге байланысты Нью-Джерси штатындағы медициналық мекемеге жатқызылған. Қазір ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында, әрі жағдайының жақсару белгілері байқалып отырғаны хабарланды.

Айта кетелік, Нью-Йорк Джайентс клубының бұрынғы ойыншысы саналатын Тейлор NFL тарихындағы ең үздік қорғаушылардың бірі. Ол мансабын аяқтағаннан кейін де денсаулығына қатысты қиындықтармен бірнеше рет бетпе-бет келген.

«ПСЖ» — «Бавария»: Чемпиондар лигасының тікелей көрсетілімі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или