Қазақстан футзалының жұлдызы «Қайраттан» кетпек
Қазақстан футзалының жұлдызы, ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі Қайрат сапынан маусым соңында кететінін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды
Оразовтың айтуынша, бұл шешім алдын ала жоспарланғанымен, ақпарат әлеуметтік желілерде ерте таралып кеткен. Сондықтан ол жанкүйерлерге шешімін тікелей өзі жеткізгенді жөн санаған.
«Мен әрқашан жанкүйерлеріммен байланыстамын және солай бола бермек. Соңғы 8 жылымды «Қайрат» сапында өткіздім. Бұл клуб менің өмірімнің үлкен бөлігі болды. Бірақ мен биік мақсат пен жаңа белес сынын да байқап көргім келеді» деді ол.
Футзалшы маусымды клубпен бірге аяқтайтынын да атап өтті.
Айта кетелік, Біржан Оразов Қазақстан құрамасының ең нәтижелі ойыншыларының бірі. Ол Еуропа чемпионатында 7 гол соғып, “Алтын аяқ-киім” иегері атанған алғашқы қазақстандық спортшы. Сондай-ақ әлем чемпионатында Испания қақпасына 7 секундта гол соғып, тарихи рекорд орнатқан.