Ұлттық құраманың бұрынғы бапкері жаңа жұмыс тапты
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Магомед Адиев жаңа жұмыс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ухо» телеграм арнасының хабарлауынша, 48 жастағы ресейлік маман «МЛ Витебск» (Беларусь) клубын тізгіндейді.
Қазір бұл клуб бес турда 11 ұпай жинап, өз чемпионатында екінші орында келе жатыр.
Магомед Адиев бұған дейін «Крылья Советов» клубын жаттықтырды. Бірнеше апта бұрын Қазақстанға келіп, «Ақтөбемен» келіссөз жүргізді деген себеппен клуб басшылығы оны қызметінен босатты.
Самородов РПЛ-де рекорд орнатты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или