Қазақстандық вингер спринт бойынша үздік атанды

Қазақстандық вингер спринт бойынша үздік атанды

Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов РПЛ-дің 26-турында ерекше көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ахмат» клубының мәліметінше, ол жоғары жылдамдықтағы спринт бойынша үздік нәтиже көрсетті. Самородов 25,2 км/сағ жылдамдықтан жоғары қарқында 610 метр жүгіріп, маусым рекордын жаңартты.

Осы маусымда қазақстандық футболшы «Ахмат» сапында барлық турнирде 30 матч өткізіп, 5 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

Бүгін, 26 сәуір күні «Ахмат» сырт алаңда «Зенитпен» кездеседі. Ойын Астана уақытымен 21:30-да басталады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или