Қазақстан бокстан әлем кубогының бірінші кезеңінде медальдар тізімінде алғашқы үштікке енді
Қазақстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен бокстан әлем кубогының бірінші кезеңінде медальдар есебінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирде қазақстандық боксшылар жеті медаль жеңіп алды — үш алтын, бір күміс және үш қола. Бразилия турнирде тоғыз медальмен — төрт алтын және бес күміспен — көш бастады. Қытай бес медальмен — төрт алтын және бір қоламен — екінші орын алды.
Еске сала кетейік, әлем кубогындағы Қазақстан алтын медальдарын Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг), Виктория Графеева (60 кг) және Валерия Аксенова (80+ кг) жеңіп алды.
Жәнібек Әлімханұлы WBO шешіміне қарсы апелляция берді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или