Виктория Графеева Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева үздік атанып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Финалда қазақстандық боксшы бразилиялық Ребекка Сантоспен кездесіп, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, финалда сондай-ақ, қазақстандық спортшылар Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) және Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін) өнер көрсетеді.
Жәнібек Әлімханұлы WBO шешіміне қарсы апелляция берді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или