Қазақстанның жеті боксшысы әлем кубогында жүлдеге қол жеткізді

Қазақстанның жеті боксшысы әлем кубогында жүлдеге қол жеткізді

Бүгін Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының бірінші кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталмыш турнирдің жартылай финалына 31 елдің боксшылары шықты. Жеті боксшысы жартылай финалға жолдама алған Қазақстан құрамасы бұл көрсеткіш бойынша екінші орынға тұрақтады.

Жартылай финалға жолдама алған елдер саны:

  • Бразилия — 9
  • Қазақстан — 7
  • Қытай — 5
  • Польша — 5
  • Әзербайжан — 4
  • Испания — 4
  • АҚШ — 3
  • Канада — 3
  • Норвегия — 3
  • Өзбекстан — 3
  • Франция — 3
  • Англия — 2
  • Аргентина — 2
  • Аустрия — 2
  • Жапония — 2
  • Италия — 2
  • Мажарстан — 2
  • Марокко — 2
  • Түркия — 2
  • Армения — 1
  • Аустралия — 1
  • Бельгия — 1
  • Болгария — 1
  • Венесуэла — 1
  • Германия — 1
  • Қырғызстан — 1
  • Сербия — 1
  • Молдова — 1
  • Мексика — 1
  • Тайпей — 1
  • Хорватия — 1


Жартылай финалға жолдама алған қазақстандық былғары қолғап шеберлері:

80 келі. Диас Молжігітов
85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы
51 келі. Алуа Балқыбекова
60 келі. Виктория Графеева
65 келі. Аида Әбікеева
80 келі. Жібек Жарасқызы
Ал +80 келідегі Валерия Аксенова жеребе нәтижесі бойынша тікелей финалға өтті.

Айта кетейік, бүгін алты отандасымыз жартылай финалда жұдырықтасатын болады.

Бокстан әлем кубогы: Финалдық кездесулердің тікелей трансляциясы

Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегінде төрелік еткен қазылар жазаланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или