Әлем кубогы: Виктория Графеева жартылай финалда
Бразилияның Фос-де-Игуасу қаласында өтіп жатқан әлем кубогының ширек финалдық жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шаршы алаңға Қазақстан атынан алғаш болып әлем чемпионатының жүлдегері, 60 келідегі Виктория Графеева шықты. Ол 1/4 финалда канадалық Марие Ал Ахмадиехпен жұдырықтасты.
Қос боксшы да шаршы алаңда белсенді болғанымен, отандасымыздың көптеген дәл соққылары арқылы төрешілердің шешімін өз жағына бұра алды. Қорытынды есеп: 5:0.
Айта кетеік, бүгін тағы жеті боксшымыз жарыс жолына шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или