Әлем кубогы: Тікелей трансляция

Әлем кубогы: Тікелей трансляция

Бүгін, 24 сәуірде, Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогының ширек финалында сегіз қазақстандық боксшы бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түстен кейінгі сессияда (Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады) Виктория Графеева (60 кг), Фарух Тоқтасынов (70 кг) және Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) А рингіне шығады. Кешкі сессияда (сағат 01:00-де басталады) тағы бес қазақстандық спортшы сынға түседі: Аида Әбікеева (65 кг), Диас Молжігітов (80 кг), Алуа Балкибекова (51 кг), Даниял Сәбит (50 кг) және Санжарәлі Бегалиев (75 кг). Ширек финал жеңімпаздары турнирде кем дегенде қола медаль еншілейді.

Жекпе-жектердің тікелей көрсетілімі осы сілтеме арқылы қолжетімді.

Түстен кейінгі сессия (сағат 19:00)

А рингі

Әйелдер 60 кг. Ширек финал. Виктория Графеева - Мари Әл-Ахмадие (Канада), 4-ші жұп;

Ерлер 70 кг. Ширек финал. Фарух Тоқтасынов - Наби Искандаров (Әзірбайжан), 11-ші жұп;

Ерлер 85 кг. Ширек финал. Сұлтанбек Айбарұлы - Паоло Карузо (Италия), 14-ші жұп;

Кешкі сессия (сағат 01:00)

А рингі

Әйелдер 65 кг. Ширек финал. Аида Әбікеева - Дуа Заки (Марокко), 3-ші жұп;

Ерлер 80 кг. Ширек финал. Диас Молжигітов - Оладимеджи Шитту (Англия), 12-ші жұп;

Б рингі

Әйелдер 51 кг. Ширек финал. Алуа Балқыбекова vs. Дайна Мурхаус (Ирландия), 2-ші жұп;

Ерлер 50 кг. Ширек финал. Даниял Сабит vs. Иссам Бенсаяр (Марокко), 5-ші жұп;

Ерлер 75 кг. Ширек финал. Санжарәлі Бегалиев vs. Саиджамшид Джафаров (Әзірбайжан), 10-шы жұп.

Бокс бойынша әлем кубогының бірінші кезеңі 26 сәуірге дейін жалғасады. 


Жәнібек Әлімханұлы WBO шешіміне қарсы апелляция берді

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или