Елена Рыбакина Мадрид турнирін жеңіспен бастады

Елена Рыбакина Мадрид турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-ші орында) Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс жолын екінші кезеңнен бастаған отандасымыз румыниялық Елена-Габриэла Русемен (71-ші орында) кездесті. 2 сағат 30 минутқа жалғасқан кездесуде қазақстандық теннисші 2:1 (4:6, 6:3, 7:5) есебімен басым түсті.

Енді ол келесі кезеңде қытайлық Синвэнь Женмен (36-шы орында) кездеседі.

Айта кетейік, Mitua Madrid Open WTA 1000 турнирінің жалпы жүлде қоры 8 235 540 еуроны құрайды. Ал жекелей сында чемпион атанған теннисші 1 007 165 еуро мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың ширек финалына шықты

Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Тимофей Скатов Шымкентте украиналық теннисшіні жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или