Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өтіп жатқан ITF W50 сериясындағы турнирдің жұптық сынында сәтті ойын көрсетуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Құламбаева ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге тандем құрып, ширек финалда ресейлік апалы-сіңлілі Анастасия және Рада Золотареваларға қарсы кортқа шықты. 59 минутқа созылған кездесу қазақстандық-ресейлік жұптың айқын басымдығымен аяқталды. Қорытынды есеп – 6:0, 6:4.
Енді жартылай финалда Жібек Құламбаева мен Екатерина Рейнгольд Жаньсю Хань (Қытай) және Эми Жу (АҚШ) жұбымен финал жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева аталған турнирдің жекелей сынындағы бәсекесін аяқтаған болатын. Екінші айналымда отандасымыз қытайлық Ю Фэй Жэньге (әлемнің 368-ракеткасы) 1:6, 3:6 есебімен есе жіберді.
Тимофей Скатов Шымкентте украиналық теннисшіні жеңді
Қазақстандық теннисші Кванджу турнирінің екінші айналымына жолдама алды