Қазақстандық теннисші Кванджу турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Қазақстандық теннисші, әлемнің 282-ракеткасы Михаил Кукушкин Кванджу (Оңтүстік Корея) челленджер турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін әлемнің 254-ракеткасы, ресейлік Павел Котовпен өткізді. Бірінші партияда Котов айқын басымдылық танытты — 6:1. Дегенмен осыдан кейін 38 жастағы Кукушкин камбэк жасай білді — 6:2, 6:3. Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде М.Кукушкин 4 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Котов 8 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-понт) ерекшеленді.
Енді Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 129-ракеткасы, швейцариялық Леандро Риедимен таласады.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 300-орындағы Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарын сәтті өткізгенімен, негізгі жарыста әлемнің 221-ракеткасы, ұлыбританиялық Лиам Броудиге жол берді — 2:6, 1:6.
Бублик пен Шевченко Мадрид мастерс турнирінде бақ сынайды
Рыбакинаның Мадрид турниріндегі қарсыластары анықталды
WTA: Жұптық сындағы теннисшілеріміз рейтингте төмен құлдырады