Тимофей Скатов Шымкентте украиналық теннисшіні жеңді

Тимофей Скатов Шымкентте украиналық теннисшіні жеңді

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (ATP рейтингінде 198-ші орында) Шымкентте өтіп жатқан Challenger сериясы турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы украиналық Олег Приходько болды (ATP рейтингінде 361-ші орында). Матч 1 сағат 30 минутқа созылып, Скатов қатарынан 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Скатов турнирдің екінші раундына өтті. 1/8 финалда ресейлік Святослав Гулинмен (ATP рейтингінде 526-шы орында) кездеседі.

Жарыстың жүлде қоры 63 000 АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаз 50 рейтингтік ұпай және 9500 АҚШ долларын алады.


Қазақстандық теннисші Кванджу турнирінің екінші айналымына жолдама алды

Бублик пен Шевченко Мадрид мастерс турнирінде бақ сынайды

Рыбакинаның Мадрид турниріндегі қарсыластары анықталды

WTA: Жұптық сындағы теннисшілеріміз рейтингте төмен құлдырады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или