Қазақстан құрамасы 25 сәуірде жолдастық матч өткізеді

Қазақстан құрамасы 25 сәуірде жолдастық матч өткізеді

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасы «Динамо-Молодечноға» қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 25 сәуірде өтеді. Ойынның басталуы Астана уақыты бойынша сағат 19:00-ге белгіленген.

Ал 26 сәуірде отандастарымыз Польшаға жетіп, қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Олар әлем чемпионаты IA дивизионындағы ойындарында сол елдің Сосновец қаласында 2-9 мамыр аралығында сынға түседі.

Еске салсақ, бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты 2-8 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтеді. Элитаға шығу үшін Қазақстан құрамасы Франция, Украина, Польша, Жапония және Литвамен шеберлік байқасады.

Отандастарымыз алғашқы оқу-жаттығу жиынын 17 сәуірге дейін Астана қаласында өткізді. Қазір олар Беларусьте 26 сәуірге дейін дайындық жүргізеді. 

Талғат Жайлауов: Мақсатымыз – элитаға шығу

Қазақстан ерлер құрамасы Беларуське аттанды

ӘЧ: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или