Талғат Жайлауов ұлттық құраманың басты мақсатын атады
Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2-9 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дүбірлі додада ұлттық құарамның бас бапкер міндетін отандық маман Талғат Жайлауов атқарады. Оған Константин Пушкарёв және Александр Кудрявцев секілді қазқстандық мамандар көмектеседі.
«Алдымызға міндет қойылды. Біз барлық жауапкершілікті түсінеміз. Әрине, мақсатымыз – элитаға шығу», - деді ұлттық құрама бапкері.
IA дивизионындағы қарсыластарымыз Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва құрамалары. Аталған топта бірінші орын алған құрама 2027 жылы элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алса, соңғы орынды місе тұтқан құрама В тобына түсіп қалады.
Қазақстан ерлер құрамасы Беларуське аттанды