Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындықты күшейтіп жатыр

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындықты күшейтіп жатыр

Қазақстан хоккей құрамасының шабуылшысы Евгений Рымарев ұлттық команда сапына қайта қосылуы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәліметке сәйкес, тәжірибелі форвард жақын күндері Польшадағы оқу-жаттығу жиынына келуі мүмкін.

Қазір 37 жастағы хоккейші Словакияның «19 Гуменне» клубында өнер көрсетіп жүр. Биылғы маусымда ол жоғары нәтижемен көзге түсіп, тұрақты чемпионатта, плей-оффта және өтпелі турнирде бірқатар ұпай жинады.

Қазақстан құрамасы 2-8 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтетін әлем чемпионатының бірінші дивизионында сынға түседі. 

Айта кетелік, команда элиталық дивизион жолдамасы үшін Франция, Украина, Польша, Жапония және Литва құрамаларымен бәсекеге түседі.






Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или