Хоккейден ӘЧ: Бүгін Қазақстан Оңтүстік Кореямен кездеседі
Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IB дивизионындағы төртінші ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 19:30-ға белгіленген. Екі құрама қазірге дейін тоғыз мәрте кездесті. Оның 6-уы қазақстандық хоккейшілердің басымдығымен аяқталса, қалғанында қарсыластарының мерейі үстем болды.
Алғашқы үш турда қазақстандық хоккейшілер Латвияға буллитен 2:3, Нидерландқа 0:3 есебімен жеңілсе, Испанияны 3:2 есебімен қапы қалдырды.
Ал Оңтүстік Корея қазірге дейін Ұлыбританияға 2:3, Нидерландқа 0:3 есебімен есе жіберсе, Латвияны 7:6 есебімен тізе бүктірді.
Турнир кестесінде Қазақстан құрамасы 4 ұпаймен бесінші орында тұрса, дәл сондай ұпай жинаған Оңтүстік Корея төртінші орынға табан тіреді.
Айта кетейік, 12-18 сәуір аралығында Испанияда өтіп жатқан додада Қазақстан құрамасы Латвия, Нидерланд, Испания, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиямен шеберлік байқасады.
Әлем чемпионаты: Қазақстан алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының құрамы жарияланды
Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында Астанада матч өткізді