Қазақстан ерлер құрамасы Беларуське аттанды

Қазақстан ерлер құрамасы Беларуське аттанды

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы екінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Беларуське аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл оқу-жаттығу жиыны 26 сәуірге дейін жалғасады. Онда жергілікті командалармен жолдастық кездесу жоспарланған. Отандастарымыз алғашқы оқу-жаттығу жиынын Астана қаласында өткізген болатын.

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі - «Барыс»), Владислав Нурек («Горняк», Рудный);

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы - «Барыс»), Тамирлан Гайтамиров, Артём Королёв, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин (барлығы - «Номад», Астана), Фёдор Хорошев («Торпедо», Өскемен), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко (екеуі - «Сарыарқа», Қарағанды)

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Ансар Шайхмедденов (барлығы - «Барыс»), Артур Гатиятов, Саян Данияр, Кирилл Ляпунов, Абай Маңғысбаев, Батырлан Муратов, Роман Старченко (барлығы - «Номад», Астана), Аркадий Шестаков («Адмирал»).


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или