Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасының IA дивизиондағы ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір отандастарымыз Беларусь елінде екіні ОЖЖ өткізуде. Бұған дейін Астанада алғашқы жаттығу жұмыстарын өткізген еді. Ал 26 сәуірде ұлттық құрама Польшаға жетіп, қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Олар әлем чемпионаты IA дивизионындағы ойындарында сол елдің Сосновец қаласында 2-9 мамыр аралығында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Жапония, Польша және Литва.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

  • 2 мамыр. Литва - Қазақстан
  • 3 мамыр. Қазақстан - Жапония
  • 5 мамыр. Қазақстан - Польша
  • 7 мамыр. Украина - Қазақстан
  • 8 мамыр. Қазақстан - Франция.


Аталған топта бірінші орын алған құрама 2027 жылы элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алса, соңғы орынды місе тұтқан құрама В тобына түсіп қалады.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Польшаны жеңді

Қазақстан құрамасына тәжірибелі шабуылшы қосылуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или