LFA чемпионы UFC жолына тағы бір қадам жасады

LFA чемпионы UFC жолына тағы бір қадам жасады

LFA чемпионы Артем Белах The Ultimate Fighter шоуының жаңа маусымына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жоба – аралас жекпе-жекке арналған танымал америкалық реалити-шоу. Қатысушылар екі командаға бөлініп, әр топты әлемдік деңгейдегі танымал файтерлер жаттықтырады. Турнирлік жүйе бойынша өткен жарыста әр салмақтағы ең мықты спортшы анықталады.

Жобаның жеңімпазы UFC-мен келісімшартқа қол қояды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, тек чемпион ғана емес, турнир барысында көзге түскен файтерлер де ұйымға шақырту алуы мүмкін.

Мысалы, қазақстандық Әліби Ыдырыс 2025 жылы TUF 33 шоуының финалына дейін жетіп, жолай бірнеше қарсыласын жеңді. Финалда ол Джозеф Моралеске есе жібергенімен, жарқын өнерінің арқасында UFC қатарына қосылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или