«Металлург» өз мұз айдынында Нижний Новгородтың «Торпедо» клубын қабылдады
Континенттік хоккей лигасының (КХЛ) 2026 жылғы Кубогы ширек финалы аясында Магнитогорск қаласында екінші кездесу өтті. Онда жергілікті «Металлург» өз мұз айдынында Нижний Новгородтың «Торпедо» клубын қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жетті, деп һабарлайды Prosports.kz.
Осылайша серия 2:0 есебімен «Металлург» пайдасына шешілді.
Кездесуде есепті бірінші кезеңде Сергей Толчинский ашты. Екінші кезеңде Даниил Вовченко басымдықты арттырды. Үшінші кезеңде қазақстандық қорғаушы Валерий Орехов үшінші шайбаны соғып, есепті 3:0-ге жеткізді. Кейін Игорь Гераськин «Торпедо» сапынан бір шайба қайтарды, ал соңында Александр Петунин матчтың қорытынды есебін белгіледі.
Айта кетелік, плей-офф ойындары 23 наурыз бен 23 мамыр аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или