«Сібір» бас бапкерімен жаңа келісімшарт жасасты

«Сібір» бас бапкерімен жаңа келісімшарт жасасты

«Барыс» клубының ҚХЛ-дегі қарсыластарының бірі «Сібір» бас бапкерімен жаңа келісімшарт жасасты, деп һабарлайды Prosports.kz.

Новосібірлік клуб Ярослав Люзенковпен үш маусымға арналған жаңа келісімге қол қойғанын ресми түрде хабарлады.

Маман команданы 2025 жылдың 15 қарашасында тізгіндеген. Оның жетекшілігімен «Сібір» турнирлік жағдайын түзеп, 2026 жылғы плей-офф кезеңіне жолдама алды. Алайда алғашқы айналымда Металлург клубына серияда 1:4 есебімен жол берді.

2025/2026 жылғы Континентті хоккей лигасының тұрақты маусымында «Сібір» 68 матчтан 69 ұпай жинап, Шығыс конференциясында сегізінші орынды алды.

Айта кетелік, «Сібір» мен «Барыс» бір конференцияда өнер көрсетеді.

Қазақстандық қорғаушы плей-оффта жеңіс шайбасын соқты




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или