Владислав Нурек ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енді

Владислав Нурек ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енді

Қазақстандық «Горняк» клубының қақпашысы Владислав Нурек ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енді, деп һабарлайды Prosports.kz.

Ол оқу-жаттығу жиындарына қатысу үшін Астана қаласына келіп қосылды. Өткен маусымда Нурек тұрақты чемпионатта 42 матч өткізіп, соққылардың 92 пайызын қайтарды және сенімділік коэффициенті 2,66 болды. Плей-офф кезеңінде «Сарыарқаға» қарсы серияда бес ойын өткізіп, 89,9% көрсеткіш тіркеді.

Бірінші дивизионның «А» тобындағы әлем чемпионаты 2–8 мамыр аралығында Сосновец қаласында өтеді. 

Айта кетелік, Қазақстан құрамасы элитаға шығу үшін Франция, Украина, Польша, Жапония және Литва құрамаларымен бақ сынайды.

Хоккейден әлем чемпионатының бір тобы өтпейтін болды

КХЛ-де «Барыстың» жаңа қарсыластары пайда болуы мүмкін

Қазақстан құрамасының шабуылшысы АҚШ-та командасының жеңісіне үлес қосты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или