Махачев БАӘ-мен бірлескен қор ашады
Ресейдің Дағыстан Республикасы аумағында UFC чемпионы Ислам Махачев атымен қайырымдылық қоры іске қосылады, деп һабарлайды Prosports.kz.
Жобаны аймақ басшысы Сергей Меликов пен спортшының өзі талқылап, Махачев қордың құрылтайшысы атанды.
Жаңа қор Дағыстанда ресми тіркеліп, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ұйымдармен бірлесіп әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады. Қор қызметі Ресей заңнамасына сай жүргізіледі.
Қор өңірде спорт пен білімді дамытуға бағытталған. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар балаларға басымдық беріліп, олар үшін бейімделген спорт түрлерімен айналысуға жағдай жасалмақ.
Айта кетелік, Ислам Махачев соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қарашасында өткізіп, Джек Делла Маддалена үстінен жеңіске жетіп, UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы атанған. Оның еншісінде 28 жеңіс және бір жеңіліс бар.