Джон Джонс UFC-ге оралу туралы мәлімдеме жасады

Джон Джонс UFC-ге оралу туралы мәлімдеме жасады


UFC-дің екі салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпионы Джон Джонс спортқа қайта оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен карьерамды аяқтадым. ММА-да жетер жетістігіме жеттім. Маған титул мен ақша аздық етті, одан да үлкен бір нәрсе керек болды», – деді ол ESPN эфирінде.

Джонстың айтуынша, Дональд Трамп Ақ үй алдында жекпе-жек ұйымдастырғысы келетінін айтқан. «Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік. Мен — патриотпын, достарымның көбі әскерде. Ақ үйдің алдында бүкіл әлемге шоу көрсету – мен үшін үлкен құрмет. Сол үшін қайта оралуым мүмкін», – деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или