Конор Макгрегор UFC жұлдызын жекпе-жекке шақырды

Конор Макгрегор UFC жұлдызын жекпе-жекке шақырды

Ирландиялық файтер Конор Макгрегор Майкл Чендлерге өтпей қалған жекпе-жекті еске салды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлеуметтік желілерде UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы мынадай жазба жариялады:

– Біздің аяқталмаған ісіміз бар, – деп жазды ол әлеуетті қарсыласына қарата.

Бастапқыда Макгрегор мен Чендлер арасындағы жекпе-жек 2024 жылдың маусымына жоспарланған еді, алайда ирландиялық спортшының жарақатына байланысты кездесу өтпей қалған болатын.

Макгрегор октагонға соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде шыққан болатын – ол кезде Дастин Порьеден бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или