Бес қазақстандық спортшы семсерлесуден Сеулде өтетін Гран-при кезеңінде бақ сынайды

Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бапкерлер штабы бұл турнирге бес спортшыны тіркеді.
Жүлде мен рейтингтік ұпайлар үшін Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько және Диляра Исабекова бақ сынайды.
Гран-при кезеңі 2-4 мамыр аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или